02.09.2021, 14:06

Мемлекеттік қызмет 100% смартфонмен қолжетімді болады

фото: ашық дереккөз

Министрдің сөзінше, қазір 400 ақпараттық жүйе бар. Оларды біріктіруден мәселе туындап, мемлекеттік қызметті электронды алаңға шығаруға кедергі келіп жатыр. 

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік қызметті 100% смартфон арқылы қолжетімді ету мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Мемлекеттік басқаруды цифрландыруға қатысты 2 тапсырма берілді. Ол  цифрлық трансформация орталығының қызметін күшейтуге қатысты болды. Орталық қазірдің өзінде процестерді реинжинирингтеу бөлігінде нақты нәтиже беріп жатыр. Біз бизнес-процестерді цифрландырдық. Енді, цифрлық трансформация орталығы ретсіздікті автоматтандырмау үшін процестерді қайта қарау бойынша жұмыс жүргізеді. Реинжиниринг арқылы өткен процестер платформалық модельде автоматтандырылады, – деді Бағдат  Мусин. 

Министрдің сөзінше, қазір 400 ақпараттық жүйе бар. Оларды біріктіруден мәселе туындап, мемлекеттік қызметті электронды алаңға шығаруға кедергі келіп жатыр. 

Платформалық модельге өтудің жиынтығы ретінде data-driven government тұжырымдамасын іске асыруға болады. Бұл мемлекеттік қызметті 100% смартфон арқылы қолжетімді етуге мүмкіндік береді, – деді министр.