04.05.2024, 11:57

«Краш!»: Бишімбаев ісінде медсарапшы болған маман тойда билеп, халықтың қошеметіне бөленді (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша медсарапшы болған Тахир Халимназаровтың тойда билеп, көпшілікті елең еткізді, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Эксперт маманның видеосын асаба Бекзат Аманқос әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видеода маман 4 сыйлық алғаны көрінеді.

Маманның тойда билеген сәті түсірілген видео Tik-Tok желісінде 1 миллионға жуық қаралым жинаған.

«Тойдағы краш! Кез келген Бишімбаевтың қорқынышы. Мықты маман арамызда отыр. Аңыз адамды таныдыңыздар ма?», – деді асабалардың бірі.

Айта кетейік, «Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді» деген күдікке ілінген Бишімбаевтың сотында марқұмның денесіне сот-медициналық сараптама жасаған Тахир Халимназаров танымал бола бастады.

«30 жыл бойы қаншама сот көрдім. Соншалықты қатты күрделі де сараптама емес. Бірақ қанша сот сараптамасын жасап келсем де, мұншалықты халықтың назарына ілікпегенмін. Осы соттан кейін, аспанға ұшып келген ғарышкердей болдым», – деген еді эксперт.