Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Ерейментау ауданында итін арулап жерлеген адамның әрекеті жаға ұстатты (ВИДЕО)

Иттің басына барған әкім жерге рұқсат алған ешкім жоқ дейді.

Ерейментау ауданында итін арулап жерлеген адамның әрекеті жаға ұстатты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Ақмола облысының Ерейментау ауданының тұрғыны қалаға жақын маңда ешкімге ескертпестен Гретта атты итін арулап жерлеген. Мұны көрген аймақ тұрғындары ауылдастарының заңсыз әрекетін ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген деп хабарлайды Paryz.kz, 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Ерейментау әкімдігі жерлестерінің заңсыз әрекеті туралы кеше естіген. Иттің басына барған әкім жерге рұқсат алған ешкім жоқ дейді.

Тағы да оқи отырыңыз: "Өзімнің өмірімді жақсы жағына өзгертемін": Әкім болуға үміткердің ВИДЕОСЫ желіні жарды

Ерейментауда "өз өмірін жақсартпақ" болған үміткер әкім болып шыға келді

Ешкімнен ешқандай рұқсат қағаз алған жоқ. Зираттың басына қойды деген жалған ақпарат кетіп жатыр. Өзім жаңа шықтым жанына. Жолдың ар жағында зираттан алыста тұр. Учаскелік полициямен таптық жерлеген адамды. Айыппұл саламыз, сосын алып тастайды итті, – дейді Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі Сапар Барлыбаев.

Ерейментауда ит жерленіп, шу шығып жатқанда, Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласында өлген жануарларға арналған арнайы қорым бар екен. Жергілікті әкімдіктің айтуынша, қала сыртында ит пен мысығын жерлеуге ешкім рұқсат алмаған. Тіпті, жануарларды бұлай көму санитарлық талаптарға да сай келмейді.