Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ерейментауда "өз өмірін жақсартпақ" болған үміткер әкім болып шыға келді

Аймақтық сайлау комиссиясы да оның жеңіске жеткенін растап отыр. 

Ерейментауда "өз өмірін жақсартпақ" болған үміткер әкім болып шыға келді
фото: видеодан скриншот

Ақмола облысы Ерейментау әкіміне үміткердің сұхбат берген сәтінен таралған видео желіде "хит" болған еді. Сапар Барлыбаев сұхбат барысында сөзден жаңылып, тұрғындарға "өз өмірін жақсы жаққа өзгертуге" уәде берген болатын. Құдай аузына салды ма, кім білген, әйтеуір оның бұл сөзі сайлауда жеңіске жетуіне кедергі болмаған екен деп хабарлады Paryz.kz.

Аймақтық сайлау комиссиясы да оның жеңіске жеткенін растап отыр. 

Тағы оқи отырыңыз: "Өзімнің өмірімді жақсартамын": Әкім болуға үміткердің ВИДЕОСЫ желіні жарды

Осылайша, 45 жастағы азамат сайлауда жеңіске жеткен. Бұл ақпаратты Ерейментау ауданының аймақтық сайлау комиссиясы да растап отыр.

"Иә, Сапар Барлыбаев Ерейментау әкімін сайлауда жеңіске жетті", - деді сайлау комиссиясынан.