Маңғыстау облысында кейінгі айларда жалақы өсіру мен еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен жұмысшылар наразылығы көбейді.
Бүгін "Қаражанбасмұнай" компаниясына аутсорсинг келісім-шартпен қызмет көрсетіп жатқан Industrial service resources мекемесінің 170-тен астам жұмысшысы ереуілге шықты. Олар жұмыс берушіге бірнеше талап қойып отыр деп хабарлады Paryz.kz, "Азаттық" радиосына сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
Қазір наразылар жұмысты толық тоқтатқан. Интернетте тараған видеода жүзден астам адамның кеніш маңындағы жұмысшылар қалашығында тұрғаны көрінеді.
Тағы оқи отырыңыз: "Жаңаөзенді жарықсыз қалдырамыз": Ереуілге шыққандар алған бетінен қайтар емес (ВИДЕО)
"Қаражамбасмұнайда" жұмыстың 70 пайызын осы аутсорсинг мекеме жігіттері атқарып жүр. Оны бастықтар да біледі. Індет жағдайды ушықтырып жіберді. Мұнда дәрі-дәрмекке ақша таба алмай отырған жұмысшылар бар. Жалақы мардымсыз болғандықтан әйелі, бала-шағасы ауырып, дәрі-дәрмек үшін қарызданып кеткен адамдар бар. Біріне жетсе, біріне жетпейді. Талаптарымыз орындалмайынша, ереуілді тоқтатпаймыз, – деді аты-жөнін айтпаған жұмысшылардың бірі Азаттық тілшісіне.
Жұмысшылардың сөзіне қарағанда, сәрсенбі күні оларға басшылықтан Оңғар Қабылов есімді адам келген. Наразылар оған талаптарын жеткізген.
Азаттық тілшісі 28 шілдеде күндіз мекеме өкілі Оңғар Қабыловқа хабарласқан еді. Азаттық тілшісі екенін естіген соң ол телефон тұтқасын бірден қоя салды. Компанияның Ақтаудағы кеңсесінің өкілдері телефон тұтқасын алмады.
Ақпаратқа қарағанда, Industrial service resources компаниясы құрылыс-монтаж, ұңғыма жөндеу сияқты түрлі қызмет көрсетумен айналысады. "Қаражанбасмұнай" кеніші Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында орналасқан.
Шілде ортасында "Қаражанбасмұнайға" күзет қызметін көрсететін мекеме жұмысшылары ереуілге шығып, талаптары орындалғаннан кейін жұмысқа шыққан.
Маңғыстау облысында кейінгі айларда жалақы өсіру мен еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен жұмысшылар наразылығы көбейді. Олардың көбі талаптары орындалғаннан кейін ереуілді тоқтатқан.
27 шілдеде таңертең Caspian Catering Service мекемесінің ондаған жұмысшысы ереуілге шығып, кешке талаптары орындалған соң наразылықты аяқтады.
25 шілдеде Жаңаөзенде "UTS LLС" мен"Өзенмұнайгазға" вахтерлық қызмет көрсететін NBKS мекемесінде де ереуіл тоқтағаны хабарланды.