Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Жаңаөзенді жарықсыз қалдырамыз": Ереуілге шыққандар алған бетінен қайтар емес (ВИДЕО)

Емхана, жедел жәрдем және перзентхана секілді өмірлік маңызы бар нысандарға бұл қатысты емес. 

"Жаңаөзенді жарықсыз қалдырамыз": Ереуілге шыққандар алған бетінен қайтар емес (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Жаңаөзенде "Өзенэнергосервис" кәсіпорнының қызметкерлері жергілікті билікке өз талаптарын қойып, ереуілге шықты. Олардың бейнеүндеуі желіде жарияланды деп хабарлайды Paryz.kz, Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Жаңаөзендегі "Өзенэнергосервис" компаниясының қызметкерлері мынадай талап қойып отыр:

  • ай сайынғы жалақыны екі есе өсіру;
  • еңбек демалысы кезінде екі еңбекақы мөлшерінде ақы төлеу;
  • 13-ші жалақы төлеу;
  • зейнетақы жарналарын уақытылы аудару;
  • энергетиктердің кәсіби мейрамында жыл сайынғы сыйақы.

Тағы оқи отырыңыз: Теңіз кенішінде ESS компаниясының жұмысшылары ереуілдеп жатыр (ВИДЕО)

Акция қатысушылары талаптар орындалмаса, Жаңаөзен жарықсыз қалатынын мәлімдеді. Емхана, жедел жәрдем және перзентхана секілді өмірлік маңызы бар нысандарға бұл қатысты емес.

Олар өз талаптарын орынды деп атап, Жаңаөзен тұрғындарынан мәселеге түсіністікпен қарауды сұрады.