Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Теңіз кенішінде ESS компаниясының жұмысшылары ереуілдеп жатыр (ВИДЕО)

Бұған дейін интернетте Теңіздегі кеніште жұмысшылардың ереуілге шыққаны туралы видео тараған. Онда кемінде жүз жұмысшының жиналып, компания өкілдерімен сөйлесіп тұрғаны байқалады.

Теңіз кенішінде ESS компаниясының жұмысшылары ереуілдеп жатыр (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Атырау облысы Теңіз кенішінде ESS компаниясының жұмысшылары жалақы өсіруді талап етіп, ереуілге шықты деп хабарлады Paryz.kz, "Ақ Жайық" сайтына сілтеме жасап.

Сайттың хабарлауынша, ESS – "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясына еншілес мекеме. Бірақ ТШО компаниясы жағдайға ESS/Compass-Kazakhstan мекемесінің өзі жауапты екенін айтып, соларға жүгінуді сұраған. 

Тағы оқи отырыңыз: Жаңаөзенде ереуілге шыққан жұмысшыларға полиция қысым көрсетуде

ESS Support Services компаниясының бас директоры Майк Тейлор "Ақжайыққа" жіберген ресми жауабында 213 жұмысшының жалақыны өсіру туралы шағым түсіргенін жазған.

Біз олармен диалог жүргізіп жатырмыз және Қазақстанның еңбек заңнамасы аясында жұмыс істейміз. Ұжымдық келісім-шартқа сәйкес, ESS жылдық инфляцияны ескере отырып, жалақы көлемін тұрақты түрде қарастыру бағдарламасын жүргізеді. 2021 жылы қаңтар айында бағдарлама аясында сағаттық төлем 6 пайызға өсірілді. ESS басшылығы сонымен бірге мүдделес негізгі тараптармен әріптестік орнатады, олардың арасында әріптес, жергілікті және аймақтық билік органдары мен кәсіподақтар бар. Біз үнемі қызметкерлермен кез келген мәселені талқылауға дайынбыз, - делінген хатта.

Бұған дейін интернетте Теңіздегі кеніште жұмысшылардың ереуілге шыққаны туралы видео тараған. Онда кемінде жүз жұмысшының жиналып, компания өкілдерімен сөйлесіп тұрғаны байқалады. Жұмысшылар "айлық, айлық" деп талаптарын жеткізеді. Компания өкіліне ұқсас қызметкер оларға "санитарлық шектеулерді алға тартып, бұлай жиналу дұрыс емес, мәселені өркениетті жолмен шешу керек" деп ескертеді. Бұдан соң компания өкілі "бұған дейін ешкім арыз түсірген жоқ" дейді. Ал жұмысшылар "талай рет арыздандық қой" деген уәж айтады. Ақыры компания өкілі мәселені қарастыруға уәде берген.

Бұған дейін Маңғыстау облысы Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаз" мекемесіне түрлі қызмет көрсететін бірнеше компания жалақы өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, ереуілге шыққан еді. Олардың кейбірінің талаптары орындалып, ереуіл тоқтаған. Кейбірінікі жалғасып жатыр.