"Жамандықтың жазасын аласыздар!": Балғынбек Имашев белгілі дәрігермен сұхбат құрды (ВИДЕО)

Сұхбат барысында вакцинаның қаупі мен әсері туралы айтылған. Сондай-ақ екпе алу кезінде нені білу керек екені де сөз болған.

"Жамандықтың жазасын аласыздар!": Балғынбек Имашев белгілі дәрігермен сұхбат құрды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев Instagram желісінде дәрігер Айна Бакеевамен тікелей эфирде сұхбат құрды деп хабарлайды Paryz.kz

Айтыскер блогерлерге, ел танитын тұлғаларға, өнер адамдарына вакцина алған жағдайда жарнама жасамауларын сұрапты.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстанда вакцинация салдары үшін ешкім жауапкершілік алмайды - Айна Бакеева (ВИДЕО)

Мені танитын адамдар, өнер адамдары, блогерлер, халыққа танымал адамдарға вакцина алған жағдайда жарнамалап салмаңдаршы көкелер, деп пост жаздым. Сіздердің арттарыңызда миллиондаған оқырман тұр. Ешкімнің сөзі бос кетпейді.

Шаңның тозаңындай жақсылықты көресіздер, шаңның тозаңындай жамандықтың жазасын аласыздар. Біздің қарсылығымыз шаңның тозаңы емес. Бұл үлкен әрекет, ақпараттық соғыс. Ұлтты сақтау үшін жасалып жатқан жиһад, – деді айтыскер ақын.

Сұхбат барысында вакцинаның қаупі мен әсері туралы айтылған. Сондай-ақ екпе алу кезінде нені білу керек екені де сөз болған.