Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстанда вакцинация салдары үшін ешкім жауапкершілік алмайды – Айна Бакеева (ВИДЕО)

Ол қолданыстағы вакциналар эксперименттің төртінші фазасын өтпестен қолданысқа жіберілгендіктен, оны халыққа салып тәжірибе жасап, ел денсаулығын тәуекелге тігіп жатыр деп есептейді.

Қазақстанда вакцинация салдары үшін ешкім жауапкершілік алмайды – Айна Бакеева (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Белгілі дәрігер-реабилитолог, халықты табиғи жолмен коронавирустан емдеумен айналысып жүрген Айна Бакеева мемлекеттік билік COVID-19-ға қарсы вакцинация салдары үшін жауапкершіліктен қашудың барлық жолдарын қарастырып қойғанын айтады. Бұл туралы ол Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында түсіндірді деп хабарлайды Paryz.kz.

Ертең бәрі таракан сияқты қашып кетеді. Жауапкершілік алатын адам жоқ. Мысалы Қаулының бәрін шығарғанда бір қол, бір печать жоқ. Ведомствоаралық комиссия Бас санитарлық дәрігерге бұйрық емес, тек кеңес береді. Сөйтіп вакцинаны міндеттеуге жататын адамдардың контингентін шығарады. Ал адам вакцина алар алдында ақпараттық келісімге қол қояды. «Мен ескертілдім, өз-өзіме жауап берем, ешкімге жала жаппаймын» деп келісесің. Бірнәрсе болып қалса сен өзің барып, сені ешкім мәжбүрлемеген болып шығады. Кінәлі, жауапкершілік алатын адам жоқ, - дейді Айна Бакеева.

Дәрігер қазіргі уақытта Қазақстан қыркүйекке қарай келеді деп күтіп отырған Pfizer вакцинациясы үшін де өндірушілер еш жауапкершілік алмайтынын алға тартты.

Pfizer-ді Қазақстанға жеткізу үшін оған қойылатын талаптар азайды. Компания вакцинаның салдарына қатысты кез келген салдардан заңды түрде қорғалады. Яғни, біз осы вакцинаны алу үшін оларға жалынып, заңды жауапкершіліктен де қорғап жатырмыз. Ал оны бізге «халық үшін келісімдер жүргізіп жатырмыз» деп көрсеткісі келеді, - дейді ол.

Айна Бакеева қолданыстағы вакциналар эксперименттің төртінші фазасын өтпестен қолданысқа жіберілгендіктен, оны халыққа салып тәжірибе жасап, ел денсаулығын тәуекелге тігіп жатыр деп есептейді.