Маңғыстау облысынының тұрғындары таң атпай көшеде кортеж ұйымдастырған деп хабарлайды Paryz.kz, жергілікті Lada сайтына сілтеме жасап.
Оқиға бүгін таңғы сағат 6:30-да болған. Басқұдық ауылының орталық көшесінде кортеж жасап ойқастаған көліктер видеоға түсіп қалады. Кортежге қатысқан 8 адам Мұнайлы аудандық полиция бөлімін жеткізіліп, астындағы көліктері айып тұрағына қойылды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, сақшылар кортежге қатысқан өзге адамдардың кім екенін анықтау үстінде.
Басылым хабарлауынша, Mercedes-Benz E320 көлігінің иесі Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 595-бабының 1-бөлігі және 594-баптың 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылады.
Chevrolet Tracker көлігі жол ережесін бұзып қана қоймай (Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 606-бабының 1-бөлігі), апаттық жағдайға себепкер болған.
Лада 21723 көлігіндегілер қауіпсіздігін белдігін тақпағаны үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 593-бабының 2-бөлігі және 230-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылады.
Toyota Camry көлігі Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 593-бабының 2-бөлігі бойынша, 599-баптың 1-бөлігі бойынша заң бұзған.
Toyota Land Cruiser Prado, Nissan Primera и Toyota Camry көліктері Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 595-бабының 2-бөлігі бойынша өрескел заңбұзушылық жасаған.
Тағы бір Toyota Camry көлігі Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 593-бабының 1-бөлігі бойынша, 590-баптың 2-бөлігі бойынша, 603-баптың 1-бөлігі бойынша заң бұзған.