"Кілең байлар келген": Маңғыстауға жеткізілген шөпті тұрғындар "Джиппен" әкетіп жатыр (ВИДЕО)

Ауыл шаруашылығы министрі Маңғыстауда жылқының жаппай қырылуына әкімдіктердің шалағай жұмысы себеп болғанын айтқан еді.

Маңғыстауда тегін шөпті әкетуге келген адамдардың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда ауыл тұрғындарының елдің басқа өңірлерінен жеткізілген шөпті әкетіп жатқанын көруге болады. Бірақ олардың бұл қылығы видео авторының ашуына тиген деп хабарлайды Paryz.kz, Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Мына халықты қара. Отбасында алты адам болса, соның бәрі алып жатыр. Бала-шағасымен осында жүр. Кілең джиптер, кілең байлар келген. Адамнан көлік көп. Не деген сұмдық! - дейді автор.

Тағы оқи отырыңыз: Түркістан облысының шенеуніктері жұтпен күресіп жатқан еріктілердің жолын бөгеп жатыр (ВИДЕО)

Еске сала кетсек, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылық салдарынан жем-шөп тапшылығы туындады. Ресми мәлімет бойынша, екі өңірде екі мың мал аштықтан өлген. Ауыл шаруашылығы министрі Маңғыстауда жылқының жаппай қырылуына әкімдіктердің шалағай жұмысы себеп болғанын айтқан еді.