Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Алматы облысында өзен-көлдерде су деңгейі көтерілетіні ескертілді

Айта кетейік, 14 шілде күні Алматы облысының Кербұлақ ауданында нөсер жаңбырдан кейін қатты сел жүрген болатын.

Алматы облысында өзен-көлдерде су деңгейі көтерілетіні ескертілді
фото: ашық дереккөз

Алматы облысындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі деп хабарлайды Paryz.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17-19 шілде аралығында таулы жерлерде жаңбыр жауады.

Тағы оқи отырыңыз: Алматы облысында сел жүрді (ВИДЕО)

Осыған байланысты Алматы облысының таулы аудандарында беткейде ағын қалыптасады және өзендерде су деңгейі көтеріледі, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 14 шілде күні Алматы облысының Кербұлақ ауданында нөсер жаңбырдан кейін қатты сел жүрген болатын.

Көксу шатқалында жаңбыр мен бұршақ жауып, салдарынан балшық ағыны жүріп өтті. Осыған байланысты Көксу орман шаруашылығының бірінші кордонына апаратын жол жабылды. Қазір сел тоқтады. Жол тазартылды. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Күн райына байланысты төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын ауа райындағы өзгерістерді бақылап, сақтық шараларын ұмытпауға шақырады.