Алматы облысында сел жүрді (ВИДЕО)

Әлеуметттік желідегі ақпарат бойынша, селдің салдарынан Көксу кенішіне баратын жол жабылып қалған. 

Алматы облысында сел жүрді (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматы облысының Кербұлақ ауданында жаңбыр салдарынан сел жүрді деп хабарлайды Paryz.kz

Селдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Желідегі ақпарат бойынша, селдің салдарынан Көксу кенішіне баратын жол жабылып қалған. 

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 14 шілдеде сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін Алматы облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінде сел болғанын хабарлады. 

Көксу шатқалында жаңбыр мен бұршақ түріндегі қатты жауын-шашынның салдарынан балшық ағыны жүріп өтті. Осыған байланысты, Көксу орман шаруашылығының 1 кордонына апаратын жол жабылды. Қазір сел тоқтады. Жол тазартылды. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.