Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде Қазақстан халқына Кенесарының сүйегін қайтаруға көмектесуге уәде еткен. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың inform.kz-ке жазған мақаласынан белгілі болды деп хабарлайды Paryz.kz.
"Елбасының Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапары барысында маңызды мәселелер талқыланды. Соның бірі – қазақ халқы үшін киелі артефакт болып саналатын Кенесары ханның сүйегін табу және Қазақстанға қайтару. Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президентінен осы жұмысқа ықпал етуді сұрады", - деп жазады Үкібай.Сондай-ақ, Үкібайдың жазуынша, Назарбаев қазақ халқы үшін соңғы ханның сүйегін тауып, оның туған жерінде жерленіп, рухының тыныш табуы өте маңызды екенін жеткізген.
Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президентіне ресейлік тарап жан-жақты көмек көрсететінін хабарлады. Путиннің айтуынша, артефакт табылады және Қазақстан халқына қайтарылады, - деп атап өтті Елбасының баспасөз хатшысы.