23.06.2021, 15:44

Нұр-Сұлтанда инфекциялық ауруханалар жартылай толып тұр

фото: ашық дереккөз

Жедел жәрдем қызметіне жүгінетіндер де азаймай тұр.

Соңғы уақытта ел астанасында қауіпті вирус жұқтырғандар саны көбейген деп хабарлайды Paryz.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Мамандар дертке шалдыққандар арасында жастар көбейгенін айтады. Бұған дейін 60-тан асқан азаматтар тәуекел тобында болса, қазір індетке душар болғандардың көбі 40-қа жетпегендер.

Жедел жәрдем қызметіне жүгінетіндер де азаймай тұр. Өткен тәулікте 3000 шақырту түскен.