15.06.2021, 11:30

Алматыда аяғы ауыр келіншек көшеде босанып қалды

фото: azertag.az

Абырой болғанда, қалалық №16 емхананың акушер-гинекологы келіншектің толғағы келген уақытта сол маңнан өтіп бара жатыпты.

Алматы қаласында аяқасты толғағы келген келіншек перзетханаға жетіп үлгермей, көшеде босанып қалды деп хабарлайды Paryz.kz, "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Абырой болғанда, қалалық №16 емхананың акушер-гинекологы келіншектің толғағы келген уақытта сол маңнан өтіп бара жатыпты. Ол дер кезінде көмекке келіп, баланы аман-есен босандырып алған.

Дәрігерлер қазіргі уақытта ана мен баланың денсаулығы жақсы екенін хабардар етті. Ұлды болған келіншектің жақындары нәрестенің дүние есігін ашуға жәрдемдескен бүкіл медицина қызметкеріне алғыс айтты.