Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Байқоңырда шешілмеген мәселе көп

Оған қоса, қаржы жетіспеушілігі салдарынан білім алу жүйесінде де қордаланған мәселелер көп дейді депутат.

Байқоңырда шешілмеген мәселе көп
фото: ашық дереккөз

Ресей тарапы Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алғанымен, қаланы дамытуға қаржы бөлмейді. Соның салдарынан қаладағы тұрғын үй қоры жаңартылмайды және инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандардың тозығы жеткен. Сенат депутаты Бекболат Орынбеков Үкіметке сауал жолдады деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазір  Байқоңырда 12 мыңға жуық  пәтерде тұрып жатқан қазақстандықтар баспаналарын жекешелендіре алмай жүр. Оған қоса, қаржы жетіспеушілігі салдарынан білім алу жүйесінде де қордаланған мәселелер көп дейді депутат.

Тағы оқи отырыңыз: "50 мың доллар төлейді": Ресей зымырандарының құлауына Торғай жері таңдалған

"Ресей Федерациясының 7 мектебінде 4 мың оқушы. Және ҚР 5 мектебінде 5200 оқушы білім алуда. Ресейлік мектептегі 4 мың оқушының 1408  оқушысы ҚР азаматтары. Олардың ресейлік білім беру бағдарламасын оқуына байланысты мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орына түсу кезінде қиындықтар туындайды", - дейді  Сенат депутаты Бекболат Орынбеков.

Қаржы вице-министрі Ербол Қарашөкеев депутаттық сауалға сәйкес, Байқоңыр қаласы мен қасындағы Төретам елді мекенінің мәселесі кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Биыл бұл  мақсатқа нысаналық трансферт арқылы 2,5 млрд теңге бөлінбек.