Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"50 мың доллар төлейді": Ресей зымырандарының құлауына Торғай жері таңдалған

Оның айтуынша, киік төлдейтін уақытта Байқоңырдан аталған зымырандардың ұшуына шектеу қойылады.

"50 мың доллар төлейді": Ресей зымырандарының құлауына Торғай жері таңдалған
фото: ашық дереккөз

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Союз-2» зымырандарын ұшыру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қабылданды деп хабарлайды Paryz.kz, BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Ресей Федерациясының үкіметі поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге 2019 жылғы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойған.

"Осы келісім бүкіл әлемді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған OneWeb халықаралық жобасын жүзеге асыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру негізінде Қостанай облысының аумағында «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктерінің құлау ауданын Ресей тарапынан пайдалану тәртібін реттейді. Құлау ауданын пайдалану үшін Қостанай облысының Жангелді ауданы әкімдігіне жылына 3 рет ұшыру үшін 460 мың доллар көлемінде төлемақы анықталған", — дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, қосымша ұшыру болған жағдайда әрбір ұшыру үшін 50 мың доллар көлемінде төлемақы төленетін болады.

"Құлау ауданы жылына небәрі бірнеше рет сервитут шартына сай қолданылып отырады. 3-6 тәулікті құрайтын бұл кезеңдерде адамдар мен үй малының қаупсіздігін қамтамасыз ету үшін құлау ауданына кіру жабық болады. Қалған уақытта құлау ауданында жүруге және оны жайылым ретінде пайдалануға шектеу қойылмайды. Адамдардың құлау ауданынан тысқары жерлерде тұруы қауіпсіз болып табылады. Сонымен қатар тасымалдағыш зымырандарды әрбір ұшырған сайын жақын маңдағы тіршілік ортасына гигиеналық баға беру жұмыстары жүргізіліп, сынамалары алынатын болады", — дейді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, киік төлдейтін уақытта Байқоңырдан аталған зымырандардың ұшуына шектеу қойылады.

"Құлау ауданын пайдалану кезінде жануарлар мен өсімдіктер әлеміне жыл сайын мониторинг жүргізу көзделуде. Табиғат қорғау ұйымдарының киіктердің төлдеу және құстардың ұя салу кезеңінде құлау ауданын пайдалануды шетеу туралы талаптары орындалады. Яғни, сәуір мен маусым айлары аралығында тасымалдағыш зымырандар ұшырылмайды", — деді министр.