Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

СҚО-да ауыл тұрғындары құрттаған ауызсудан уланып қалған

Сырқаттарға энтеровирусты инфекция диагнозы қойылған.

СҚО-да ауыл тұрғындары құрттаған ауызсудан уланып қалған
фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының тұрғындары краннан аққан суды ішіп уланып жатыр. Санитарлық дәрігерлер алған су сынамасынан оның құртқа толы екені анықталды. Мамандар Бескөл ауылының тұрғындары судан уланғанын айтты деп хабарлады Paryz.kz, aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Сырқаттарға энтеровирусты инфекция диагнозы қойылған.

Тағы оқи отырыңыз: СҚО-да ауыл тұрғындары белгісіз дертке шалдығып жатыр (ВИДЕО)

"Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шарасын жүргізіп жатыр. Ауырғандардың үйінен және Есіл өзені құятын көлден судың сынамасы алынып, санитария-химиялық, бактериологиялық және вирусологиялық көрсеткіштерге тексерілді. Нәтижесінде, үйлерден алынған 6 сынама бактериологиялық көрсеткіштер бойынша оң нәтиже көрсетті. Яғни, ауызсу ластанған. Қосымша сараптама тағайындалды", – дейді Қызылжар ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жангелді Ибраев.