24.05.2021, 23:34

Оралда шетелдік инвесторлар есебінен ондаған автобустар сатып алынады

Көрнекі фото: informburo.kz

Қала тұрғындары аталған бастама шаһардағы автобус мәселесін шешеді деп сеніп отыр

Биыл Оралдың жолаушылар тасымалына миллирдтаған субсидия тартылмақ. Бұл туралы қаланың ТШК, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі хабарлады. Ведомство өкілдері аталған инвестиция көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе артық дейді.

Сондай-ақ автокөлік кәсіпорындарына алғашқы субсидиялар 2017 жылдан бастап берілгендігі белгілі болды. Сол жылы осы мақсатта 34 млн теңге бөлінсе, 2018 жылы – 190, 2019 жылы – 320, ал былтырғы жылы жарты миллиардқа жуық қаражат бөлінген.

«Қалалық бюджеттен биыл автокөлік кәсіпорындарына 19 миллион теңге бөлінді»,-дейді Орал қаласы ТШК, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі басшысы Алмаз Ахошев.