Жанболат Мамай Байбекті қорғаштаған Елнұр Бейсенбаевты орнына қойды және онымен дебатқа шығуға құлқы жоқтығын мәлімдеді.
Қоғам белсендісі Жанболат Мамай «Уақыт көрсетеді» Youtube-арнасына берген сұхбатында Байбекпен ғана дебатқа шығатынын мәлімдеді, деп жазады Paryz.kz.
Жанболат Мамай Байбекті қорғаштаған Елнұр Бейсенбаевты орнына қойды және онымен дебатқа шығуға құлқы жоқтығын мәлімдеді.
Тағы оқи отырыңыз:
Назарбаевтың орынбасары өзін "жемқор" деп айыптаған Жанболат Мамайды "саяси өлікке" теңеді (ВИДЕО)
Бұрын-соңды болмаған. Мәжіліс депутаты оппозиционерді дебатқа шақырды
«Елнұр Бейсенбаевқа тікелей эфирде айттық: сенің бұл тартыста, бұл күресте ешқандай шаруаң жоқ. Мен тікелей Байбекті шақырдым, сондықтан Байбек жалтармасын. Байбек өзі тікелей эфирге дебатқа шығып, өзінің ақ екенін, елдегі жүргізіп отырған саясатының дұрыс екенін, өздерінің өте бір әділ екенін делелдеп көрсін деген сөздерді айттым. Елнұр Бейсенбаев деген өзінің басында билігі жоқ адам», - деді қоғам белсендісі.