Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Бүгінгі кейіпкер - Алтай Көлгінов": Жанболат Мамай биліктегі жемқорлық туралы деректі фильм түсірді (ВИДЕО)

Мұнайдың үстінде отырған мемлекетте неге миллиондаған адам кедей?

"Бүгінгі кейіпкер - Алтай Көлгінов": Жанболат Мамай биліктегі жемқорлық туралы деректі фильм түсірді (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Ғаламторда биліктегі жемқорларды әшкерелейтін жаңа фильм пайда болды, деп мәлімдеді Жанболат Мамай Facebook-тегі парақшасында. Бұл туралы paryz.kz жазады.

"Демократиялық партия" атты қоғамдық ұйымның жетекшісі Жанболат Мамайдың айтуынша, биліктегі жемқорлықты ашып көрсететін деректі фильмнің алғашқы кейіпкері - Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов. 

«Қадірлі ағайын! 

Биліктегі жемқорлар туралы шындықты жариялауды бастадық. Бүгінгі кейіпкер - Астана әкімі Алтай Көлгінов. 
Келесі фильм бұдан да көп деректермен, дәлелдермен шығады. Оны дайындау үстіндеміз. 
Youtube -та жарияланған Көлгінов туралы фильмді көруге, таратуға шақырамын!», - делінген жазбада.

Қоғам белсендісі алдағы уақытта деректі фильмде бірнеше адамның прототипін көрсететінін де және жасаған жұмыстарына да тоқталатынын атап өтті.

«Мұнайдың үстінде отырған мемлекетте неге миллиондаған адам кедей? Табиғи ресурстарға бай Қазақстанда неге 2.5 миллион адам үйсіз-күйсіз жүр? Мұның басты себебі — жемқорлықта. Биліктегі ат төбеліндей топтың шексіз байып, елдің байлығын иемденуінде. 

Алдағы 30-40 жылда не болады? Елдің жағдайы қандай болмақ? Міне, бұл сұрақтарға басын қатырып отырған билік жоқ. Олардың мақсаты — қазір тонап, байып, дәулетін шетел асыру. Өздерінің де, бала-шағасының да болашағын елмен байланыстармайды олар. Ал шын мәнінде, табиғи ресурстарға деген сұраныс төмендегенде, баламалы энергия көздері дамығанда, Қазақстан сыртқа не шығарады? Мұнай сатпасақ, қалай күн көреміз? Қазірдің өзінде біраз елдерде гастарбайтер болып жүрген қазақ аз емес. Ал 30-40 жылдан кейін ел тіпті тентіреп кетпей ме? 

Біз барлығын өз атымыздан шығаруға даярмыз! 

Ертең Астана әкімі Алтай Көлгінов туралы материал шығарамыз. Одан кейін тағы бір белгілі адам тізімде тұр. Оның ұрлағанын, бизнесін көрсеңіз, біраз адам шалқасынан түседі деп ойлаймын», - деп жазды ол.