Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Мынау енді ұят нәрсе...": техника нұсқаулығынан орыс тілін таппай шу шығарған жігіт кешірім сұрады (ВИДЕО)

Орыс жігітінің бұл әрекеті күллі қазақстандықтың ашуын тудырды.

"Мынау енді ұят нәрсе...": техника нұсқаулығынан орыс тілін таппай шу шығарған жігіт кешірім сұрады (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Желіде қысқатолқынды пештің орыс тілінде нұсқаулығы жоқтығына наразы өзге ұлт өкілінің тағы бір бейнежазбасы пайда болды. Бұл видеосында ісіне өкінішін білдіріп, қазақстандықтардан кешірім сұрап отыр, деп жазады Paryz.kz.

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны видеода бұл іске ойланбастан барғанын мойындап, қазақ тілінде аздап түсінетінін де айта кетті.

«Сол қысқатолқынды пешті алған күні ішімдік ішіп алған едім. Мастығымның кесірінен орысша жазылған нұсқаулықты байқамай қалыппын. Содан қазақ тіліндегі нұсқаулықты түсіріп, Tiktok-қа салып жібердім. Мұндай қылығыммен біреуді ренжітіп аламын деп ойламадым. Есімді жиып, таңертең салған видеоны көріп, бірден өшіріп тастадым. Мұным ойланбай істеген әрекетім болды.

Өзім қазақша аздап түсінемін. Өйткені жолдастарымның тең жартысы – қазақ. Өмір бақи әй-шәй деспей араласып келеміз. Оның үстіне жұмыс бабымен де қазақша сөйлесіп жатады. Өзім осы жердің тумасымын, әке-шешем де осы жердікі. Билікке де ештеңе айтарым жоқ. Сондықтан құрметті отандастар, мені кешіріңіздер»! – делінген жазбада. 

Орыс жігітінің бұл әрекеті күллі қазақстандықтың ашуын тудырды. Ұлт жанашырлары осындайлардың тек кешіріммен құтылып кетіп жатқанына наразы. Осы оқиғаға Максим Рожин де Facebook-тегі парақшасына пікір білдіріп, мұндай әрекеттерге тоқтау салатын уақыт жеткенін айтты.

«Ееех бауырым ау, қазақ тілін осындай ұятты жағдайда үйренгенше, абыройыңды айрандай төкпей, арты бетің майнкрафтталып кешірім сұраумен жалғасты. Дұрыс жағдайда үйренуге болар еді ғой былай қылмай... 
Не болды мынау енді? Тілге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру керек, ал мынау енді ұят нәрсе...
Айтсаң өзіңе тиеді!

Негізі осы тенденция жақсы емес жігіттер, айтып алып артынан кешірім сұрау деген қазақта «жігіттің екі сөйлегені – өлгені» немесе «ойланбай сөйлеген ...

Ары карай facebook аудармашы дұрыс аудара алмай қалу мүмкін адамдарды шошытып, түсіндіңдер ғой бұл мақаланың мәнін...», - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, орыс тілді азаматтың қысқатолқынды пештің нұсқаулығынан орыс тілін таба алмағанына наразылық білдірген видеосы желіні жарған болатын.