Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Тоқаев пен Назарбаев қайда қарап отыр?": құрылғының нұсқаулығынан орыс тілін таппаған қазақстандық Үкіметті құлатуға дайын (ВИДЕО)

Ол Қазақстан азаматы бола тұра, елінің өзіне ештеңе бермегенін, қазақ тілді үйренуге құлықсыз екенін мәлімдеді.

"Тоқаев пен Назарбаев қайда қарап отыр?": құрылғының нұсқаулығынан орыс тілін таппаған қазақстандық Үкіметті құлатуға дайын (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Қуат Ахметов есімді азамат Facebook-тегі парақшасына қазақ тілін езгіге салған қазақстандықтың видеосын жариялады, деп жазады Paryz.kz.

Видеодағы орыс тілді азамат қысқатолқынды пешке тапсырыс берген, ал техниканының нұсқаулығынан орыс тілін таба алмағанына наразылық білдіріп отыр. Ол Қазақстан азаматы бола тұра, елінің өзіне ештеңе бермегенін, қазақ тілді үйренуге құлықсыз екенін мәлімдеді. Тіпті қазақ Үкіметін орыс тілін нұсқаулықтан таппағаны үшін құлатуға дайын екенін атап өтті.

"Нұсқаулық тек қазақ тілінде және ағылшын тілінде жазылған. Бұл не деген бассыздық? Мен Қазақстанның батысында тұрамын. Орыс тілі қайда? Мен енді қалай қолданамын бұл техниканы? Мен қазақ тілін білмеймін, білігім де келмейді. Қазақстан мемлекеттік тілді үйрену үшін маған ештеңе бермеді. Енді нестеуім керек? Қазақ Үкіметі орыс тілділермен ойнайын деген бе? Тоқаев пен Назарбаев қайда қарап отыр? Біз өмір бақи, Кеңес Одағы кезінен орыс тілінде сайрап келеміз. Орыс тілінде аудармасы қайда? Бізбен ойнайын дедіңдер ме, әлде қазақ Үкіметін күйретуімізді күтіп отырсыңдар ма?", - деп ашуланған видеодағы азамат.

Осындай көрініске куә болған желі қолданушылары видео авторын пікір арқылы "жерден алып, жерге салып" жатыр.