"Біздің олигархтардың арасында бірде-бір қазақ жоқ" - тарихшы (ВИДЕО)

Мысалы олардың арасында жоңғарлар, қалмақтар және қазақ рулары да болған.

"Біздің олигархтардың арасында бірде-бір қазақ жоқ" - тарихшы (ВИДЕО)
Дереккөз: 24.kz

Танымал тарихшы Жақсылық Сәбитов пен генетик, ғалым Мақсат Жабағин Qasqa Jol Youtube арнасына сұхбат беріп, қазақ руларының шығу тарихына қатысты қызық деректермен бөлісті. Әңгіме барысында олар қазақтың төлеңгіт руының шығу тарихына да тоқталып өтті, деп жазады Paryz.kz.

Олардың айтуынша төлеңгіттер ханға қызмет еткен адамдар және олардың арасында қазақ рулары да болған екен.

"Төлеңгіттер деген ханға қызмет ететін адамдар. Олар әр рудан құралған. Мысалы олардың арасында жоңғарлар, қалмақтар және қазақ рулары да болған. Яғни олар ханның сенімді адамдары болған. Біздің олигархтарға қарасаңыздар, олардың арасында бірде бір қазақ жоқ. Олардың бәрі төлеңгіттер",-деді тарихшы.

Сондай-ақ ол Кеңестік Қазақстанның ең бірінші басшыларының бірі – Сейітқали Меңдешовтың та руы төлеңгіт екенін атап өтті

"Кеңестік Қазақстанның ең бірінші басшыларының бірі – Сейітқали Меңдешов, ол төлеңгіт болған. Бұл адам туралы да дерек аз, оны зерттеп, білу керек", - деді ол.

Естеріңізде болса, бұған дейін тарихшылардын қазақтың найман және арғын руларының шығу тегіне қатысты болжамдарымен бөліскен едік.