Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Танымал тарихшы Будда найманнан тарады деген «қауесетке» нүкте қойды (ВИДЕО)

Сол себепті олардың арасында туыстық қатынас жоқ, яғни олар Шакьядан тарайды деген сөз, олардың сол Шакья-будда ұрпағы дегенді білдірмейді.

Танымал тарихшы Будда найманнан тарады деген «қауесетке» нүкте қойды (ВИДЕО)

Танымал тарихшы Жақсылық Сәбитов пен ғалым Мақсат Жабағин қазақ руларының тарихына байланысты бірқатар болжамдарымен бөлісті. Qasqa Jol Youtube каналына сұхбат берген генетик ғалымдар, Будданы қазақтың найман руынан шығуы мүмкін деген болжамдарын да айтты. Бұл туралы Paryz.kz жазады. 

Генетик ғалымдар жүргізушінің "Будданың найман руынан тарағаны рас па?" деген сауалына жауап іздеп көрді. 

"Бұл жерде күшлік-наймандар мен біздің, қазіргі наймандардың арасын 16 мың жыл ерекшелік барын атап өту керек. Сол себепті олардың арасында туыстық қатынас жоқ, яғни олар Шакьядан тарайды деген сөз, олардың сол Шакья-будда ұрпағы дегенді білдірмейді. Сондықтан бұған қатысты дәлелдер аз болғандықтан, оған нақты жауап айту қиын",-деді тарихшы Жақсылық Сәбитов. 

Сондай-ақ олар «бүгінгі найман руының атақты Күшлік ханның ұрпағы болуы мүмкін бе» деген сауалға қатысты өз ойларын ортаға салды. 


"Бұл жерде наймандардың шығу тегі мен тарихын әлі де зерттеу керек. Негізі тарихқа үңілсек, оларды түріктерден тарады деген болжам шындыққа жанасады. Сосын бір зерттеуші оларды Ұйғыр қағанатының түріктері деп атап кеткен. Бұл жерде Ұйғыр қағанаты дегеніміз қазіргі ұйғырлар емес, ол сол кездегі Түрік қағанатының 9 тайпасының бірі болған. Бірақ наймандар бұл тайпадан емес, сол 9 тайпаның ішіндегі бірінен шыққан деген болжам бар",-деді тарихшы.