Желіде дәрігерлердің су тасып жүрген суреті қызу талқыға түсті, деп жазады Paryz.kz.
Сурет Instagram-дағы парақшалардың бірінде пайда болған. Сурет авторы оған: "Жаңатұрмыс ауылында көп жылдан бері су тартылмағандықтан, жергілікті мектеп пен аурухана қызметкерлеріне суды осылай тасып әкелулеріне тура келеді. Не дейміз, технологиялар ғасыры деп еді...",- деп жазған.
Желі қолданушылары аталған суретті қызу талқылай жөнелген. Олар:
"Дамыған 30 елдің қатарындамыз", "Мұндайды тек дамыған елдерде көре аламыз", "Алматы жанындағы көп ауылдарда осындай жағдай" деген пікірлерін жаудырып жатыр.