Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтөбе облысы жекпе-жек өткізуге 55,5 млн теңге шашпақ

Конкурсқа қатысу үшін алдын ала өтінім қабылдау 19 наурызда сағат 10.36-да басталып, 5 сәуірде сағат 10.36-да аяқталады.

Ақтөбе облысы жекпе-жек өткізуге 55,5 млн теңге шашпақ
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысының билігі аралас жекпе-жек және панкратион спортшыларына 55,5 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлады paryz.kz, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

"Тапсырыс беруші – "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі"; атауы – спорттық клубтар қызметі; қосымша сипаттамасы – 2021 жылға Ақтөбе облысы атынан республикалық және халықаралық жарыстарға ерлер мен әйелдер командалары арасында кәсіби аралас жекпе-жек (ММА) және панкратион Қазақстан құрама командасының мүшелерін дайындау және қатысу бойынша қызметтер; жоспарлы сома – 53 571 428,57 теңге", - делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналасқан лот сипаттамасында.

Тағы оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан әкімдігі интернетте материал жариялауға 77 млн теңге жұмсамақ

"Әкімдіктер 65 млрд-тың қайда кететінін ашып көрсетуі тиіс" - сарапшы

Конкурсқа қатысу үшін алдын ала өтінім қабылдау 19 наурызда сағат 10.36-да басталып, 5 сәуірде сағат 10.36-да аяқталады.