Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Нұр-Сұлтан әкімдігі интернетте материал жариялауға 77 млн теңге жұмсамақ

Конкурсқа қатысу үшін алдын ала өтінім қабылдау 17 наурызда сағат 9.00-де басталады және 1 сәуірде сағат 9.00-де аяқталады.

Нұр-Сұлтан әкімдігі интернетте материал жариялауға 77 млн теңге жұмсамақ
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі интернетте материал жариялауға 77 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлады paryz.kz, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

"Тапсырыс беруші - "Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі"; атауы – бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдар орналастыру бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы – елордалық мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық насихаттау және мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерін интернет-ресурстарда түсіндіру; жоспарлы сомасы – 77 365 178,6 теңге", - делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лот сипаттамасында.

Конкурсқа қатысу үшін алдын ала өтінім қабылдау 17 наурызда сағат 9.00-де басталады және 1 сәуірде сағат 9.00-де аяқталады.

"Өнім беруші Тапсырыс берушінің келісімі бойынша ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен мәслихаты жүргізетін мемлекеттік саясатты түсіндіретін ақпараттық және шолу материалдарды мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындайды және жариялайды. Сондай-ақ, мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың басым бағыттары бойынша міндеттерді іске асыру барысын түсіндіру және жария ету", - делінген конкурстың техникалық ерекшелігінде.

Техникалық ерекшелікке сәйкес, қызметтер 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін көрсетілуі керек.