Арандатушылар осы арада Демократиялық партияның өкілдерімен төбелес шығарды...
Алматыда Жанболат Мамайдың тіркелмеген Демократиялық партиясының жақтастары мен оларды қолдаушылар арасында қалған әйел зардап шекті, деп хабарлады paryz.kz, orda.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының жанында Демократиялық партияның жақтастары қоршауға алынған. Арандатушылар осы арада партия өкілдерімен төбелес шығарды. Соның салдарынан бір әйел зардап шегіп, ауруханаға жөнелтілді.
Оқиға орнында болған тілшілердің хабарлауынша, наразылық білдірушілер полицейлерден жарақат алған әйелді дәрігерлердің қарауына рұқсат беруді талап еткен. Наразылардың айтуынша, жәбірленушінің қабырғалары сынған.
Кейінірек тағы бір әйелдің жарақат алғаны хабарланды. Жедел жәрдемнің медициналық қызметкерлері оны да алып кетті.
Тағы оқи отырыңыз: Елордалық азамат автобуста жолаушыларды митингке шақырды (ВИДЕО)
Арнайы жасақ қазір Демократиялық партияның наразылық білдірушілерін бірнеше шеңбермен қоршауда ұстап тұр. Бұл - іс жүзінде 16 желтоқсан мен 10 қаңтардағы наразылық кезінде қолданылған әдісті қайталау.
Журналистерді наразылық білдірушілерден алшақтатып, олардың топқа жақындауына тосқауыл қойылған.