Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Елордалық азамат автобуста жолаушыларды митингке шақырды (ВИДЕО)

Жұртты қорықпауға үгіттеп тұрған жігіт, тіпті, қоғамдық орында маска тақпай, карантин талабына бағынбайтынын да айғақтағысы келгенге ұқсайды...

Елордалық азамат автобуста жолаушыларды митингке шақырды (ВИДЕО)

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көліктердің бірінде жас жігіт жолаушыларды Артем базарының жанына жиналып, митингіге шығуға шақырды, деп хабарлады paryz.kz.

"Бүгін 28-і – митинг күні. Менімен бірге кім барады? Қане, сөз бостандығы үшін күресейік!" - дейді ол, ұялы телефонынан видеоны қосып қойып.

Жұртты қорықпауға үгіттеп тұрған жігіт, тіпті, қоғамдық орында маска тақпай, карантин талабына бағынбайтынын да айғақтағысы келгенге ұқсайды. Ал елорда - бүгін елімізде "қызыл" аймақта тұрған жалғыз қала. 

"Қорықпаңыздар, өз құқықтарыңызды талап етіңдер! Мен қару алып, біреумен соғысайын деп жатқан жоқпын. Барлығыңызды заңмен рұқсат етілген бейбіт шеруге шығып, өз құқықтарыңызды қорғауға шақырамын. Бұл минингтерді Еуропа, АҚШ көріп отыр. Құқығымыз шектелсе, санкция салады...", - деді ол әрі қарай.