Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан адамды атқан күдікті ұсталды

Егер ұсталған адамның кінәсі расталса, ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан адамды атқан күдікті ұсталды
фото: дереккөз

Полиция Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды атып өлтірген 65 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлады paryz.kz, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"23 ақпанда сағат 8:00-ден 8:10-ға дейін Екібастұздағы Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамға оқ атқан. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 65 жастағы ер адамды ұстады", - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті Екібастұз қаласында Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс жасалған қару тәркіленді.​​​​​​

Тағы оқи отырыңыз: Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды атып кетті (ВИДЕО)

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Қазіргі уақытта полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Егер ұсталған адамның кінәсі расталса, ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.