Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды атып кетті (ВИДЕО)

Қаза тапқан адам "Северные МЭС" АҚ KEGOK бөлімшесінде жұмыс істеген көрінеді. 

Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды атып кетті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Екібастұзда ер адам басына екі оқ тиіп, қайтыс болды, деп хабарлады paryz.kz

Оқ ату мен кісі өлімі жайлы ақпарат пен видео желідегі ekibas_v_teme парақшасында жарияланды. Оқиға бүгін таңертең болған.

"Белгісіз біреу 1960 жылғы адамның басына оқ атты. Электрик алған ауыр жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - делінген жазбада.

Қаза тапқан адам "Северные МЭС" АҚ KEGOK бөлімшесінде жұмыс істеген көрінеді.  Компания директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Азамат Әмреновтің айтуынша, марқұмның отбасына көмек көрсетілетін болады.

"Біз қызметкеріміздің отбасына міндетті түрде көмектесеміз. Бірақ дәл қазір қандай көмек көрсетілетінін нақты айта алмаймын. Бұл мәселе бойынша кеңес өткіземіз", - деді Азамат Әмренов.

Полиция департаменті күдікті әлі ұсталмағанын хабарлады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері оқиғаның куәгерлері болса, 102 нөмірі бойынша хабарласуды сұрады.