Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Бір топ әйел Ибраимовтан "түк көрмегендер" туралы сөзін түсіндіруді талап етті

"Жылы кабинетте отыра бермей, "түк көрмегендердің" жағдайын өзі шығып көрсін. Ондай жағдайдан шығу үшін не істеу қажеттігін өз аузынан естиік", - дейді олар.

Бір топ әйел Ибраимовтан "түк көрмегендер" туралы сөзін түсіндіруді талап етті
фото: ашық дереккөз

Бүгін оннан астам әйел Алматы әкімдігінің алдына жиналып, мәслихат депутаты, спортшы Ермахан Ибраимовтан "көп балалы әйелдер туралы айтқанын" түсіндіруді талап етті, деп хабарлады paryz.kz, Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Мәселе Ибраимовтың 20 ақпанда Youtube-те жарық көрген сұхбаты жайлы болып отыр. Бір отбасының 5 сәбиі қаза тапқан қайғылы оқиға туралы пікірін білдірген спортшы сұхбатта "бес баланы сыртынан жауып, кетіп қалуды" нағыз "түк көрмегендік" деп бағалаған.

"Жылы кабинетте отыра бермей, "түк көрмегендердің" жағдайын өзі шығып көрсін. Ондай жағдайдан шығу үшін не істеу қажеттігін өз аузынан естиік. Біздің арамызда мүгедек бала тәрбиелеп, көп бала өсіріп отырғандар бар. Балаларды үйге қамап, не үшін шығып жүргенімізді көрсін. 60-70 мың теңге жалақы табуға жағдайы жоқтықтан шығып жүргенін көрсін", - деді мүгедек бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Іңкәр Жанәділқызы.

Тағы оқи отырыңыз: "5 баланы сыртынан жауып кетіп қалу - түк көрмегендік! - Ибраимов (ВИДЕО)

Президент 5 баланың қазасын еліміздің басына түскен трагедия деп атады

Оның айтқанын жанындағылар да қостады. Сәлден соң әкімдіктен Алматы мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров шығып, әйелдердің талаптарын тыңдады. Ибраимовтың өзіне хабарласып, әйелдерге түстен кейін мәслихат депутатының өзімен кездесуге болатынын айтты.