Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Президент 5 баланың қазасын еліміздің басына түскен трагедия деп атады

Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды.

Президент 5 баланың қазасын еліміздің басына түскен трагедия деп атады
фото: ашық дереккөз

Президент Жамбыл облысының Жаңатас қаласында қаза тапқан балалардың ата-аналарына көңіл айтты, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына жазды. 

Тағы оқи отырыңыз: Жамбыл облысында болған өрт бес баланың өмірін жалмады

"Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-анасы мен туыстарына жұбату лебізін білдірді. Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді", - деп жазды Берік Уәли.