16.02.2021, 18:45

Алматыдағы Горький саябағына жатақхана салынуы мүмкін

фото: дереккөз

Тапсырыс беруші – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. 

Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы тұрғындарды қоғамдық тыңдауға қатысуға шақырды, деп хабарлады paryz.kz, orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Горький саябағында студенттер жатақханасының құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау 2021 жылдың 1 наурызында сағат 10:00-де Алматы қаласы Медеу ауданының Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағында өтеді.

Алты қабатты ғимарат салу жоспарланып отыр екен. Жобалық сыйымдылығы – 327 орын. Тапсырыс беруші – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.