Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Шариғаттан аттамадым": Шымкеттегі құлпытастарды шырақшы бүлдірген екен

Шырақшы мен оның жамағаты көктасты қашау үшін арнайы аппаратпен жұмыс істепті...

"Шариғаттан аттамадым": Шымкеттегі құлпытастарды шырақшы бүлдірген екен
фото: ашық дереккөз

Шымкентте қабірлердің басына орнатылған құлпытастарды зират шырақшысының өзі бүлдірген болып шықты. Құлпытасқа салынған сурет пен қоршауды "шариғатқа жат" деп түсінген ол, бейнелерді қашап өшіріп, қоршауларды алып тастаған, деп хабарлады paryz.kz.

Жалпы, бұл мұсылман мазарында жүзден астам адам жерленген. Ескілері жәй төмпешік болып қалса, кейінгілерінің басына көктастан ескерткіш қойылған. Құлпытастағы жазу сол күйі тұр. Ал марқұмдардың суреті мен жан-жағындағы қоршауы бұзылған. Қазір 10-нан астам қабірдің тас-талқаны шыққан. Ал оларды бүлдірген басқа емес, 37 жылдан бері айналадағы бірнеше қорымға қарайлап жүрген осы зираттың шырақшысы екен.

"Өлгендердің тасына сурет салып, қоршау қойған дұрыс емес. Мұндай нәрсе аруақтарды қинайды", - дейді шырақшы Юлдаш Расулметов.

Сөйтіп, шырақшы мен оның жамағаты көктасты қашау үшін арнайы аппаратпен жұмыс істепті.

"Сурет пен ит бар жерге періште келмейді. Мұндайда аруаққа қанша құран бағыштап, құдайы ас берсең де сауабы болмайды. Сондықтан біз түсінген адамға жақсылық жасап жатырмыз. Бұл уағызда айтылады. Біз имамдармен кеңесіп, көпшілікпен ақылдасып, осылай шештік", - дейді ол.

Өзім білемдікке салынған шырақшы құлыптастардағы бейнелерді өшірумен былтырдан бастап айналысқан. Тіпті жақынын жерлеуге келгендерді де "бейнесі жоқ белгі қойыңдар" деп үгіттейді екен. Еске сала кетсек, бұдан бұрын марқұмның туыстары шағымданған соң, құлпытастардың бәрін қалпына келтірген сабаз да осы кісі болып шықты.

Тағы оқи отырыңыз: Зираттың құлпытасындағы суретті өшіретін вандалдар тағы пайда болды

"Шариғаттан аттамадым" деген ол енді осы істегеніне жауап береді. Полиция "Өлген адамдардың мәйіттерін және олар жерленген жерді қорлау" бабымен қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.