Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Зираттың құлпытасындағы суретті өшіретін вандалдар тағы пайда болды

Осындай шағымдарды тағы бірнеше адам жазған. Олар жергілікті қамқоршылардан күдіктенеді. Айтуларынша, зиратта тіпті "ескерткіштердегі суреттерге тыйым салынған" деген белгі бар...

Зираттың құлпытасындағы суретті өшіретін вандалдар тағы пайда болды
фото: дереккөз

Шымкент тұрғындары мұсылмандар зиратындағы туыстарының қабірлерінің қорлануына шағымданды. Белгісіз адамдар бейіттердегі суреттерді өшіріп, қоршауларды бұзып кетіпті, деп хабарлады paryz.kz, otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Нұрия Ғабдулина "Отырар" телеарнасының редакциясына хабарласқан. Оның зиратта жерленген 5 туысы бар. Ауруының салдарынан ол 2 ай бойы зиратқа бармаған. Зиратқа келген ол қорқынышты жайтқа тап болады. Ағасының қабіріндегі ескерткіш бұзылып, бейнесі өшіріліп, анасының қабіріндегі қоршау алынып тасталған.

Осындай шағымдарды тағы бірнеше адам жазған. Олар жергілікті қамқоршылардан күдіктенеді. Айтуларынша, зиратта тіпті "ескерткіштердегі суреттерге тыйым салынған" деген белгі бар. Зиратта 100-ге жуық жерлеу орны бар, бірақ арна тілшілері күзетшілерді таба алмаған. Тілшілер кескіндері өшірілген 11 құлпытас көргендерін айтты.

Өткен жылы да осындай оқиғалар болған. Кінәлі табылып, ол құлпытастарды қалпына келтіруге мәжбүр болған еді.

"Шариғат бойынша ескерткіш онатқанда сурет қою қажет емес. Бірақ біз тыйым салмаймыз, азаматтардың таңдау еркіндігін сақтауға тырысамыз. Тірілерді де, марқұмдарды да құрметтеу – шариғат ережесі. Жерлеу рәсімдерін шариғат заңдары бойынша қалай өткізу керек және осы орайда адам құқықтарын сақтау туралы семинар ұйымдастыру жоспарланып отыр", - деді Шымкенттегі Абдурахман мешітінің бас имамы Нәзірхан Ташходжаев.

Қабірлері қорланған марқұмның туыстары полицияға арыз жазды. Қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскерлер 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.