Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Көлгінов күлкіге қалды: әкімге ұсыныс жасаған шетелдік жалдамалы актер екен (ВИДЕО)

Сонымен қатар "бұл қала басшысының беделін көтеру үшін арнайы дайындалған дүние" деп күдік білдіргендер де болған. 

Көлгінов күлкіге қалды: әкімге ұсыныс жасаған шетелдік жалдамалы актер екен (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің халық алдына шығып есеп беруі кезінде шаһар басшысына сұрақ қойған "шетел азаматы" жалдамалы актер болып шықты, деп хабарлады paryz.kz, skifnews.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұл туралы Qumash тelegram-каналында жарияланған. Дереккөздің жазуынша, өзін Диего Амадо деп таныстырып, Алтай Көлгіновке кептеліс мәселесін шешу бойынша ұсыныс жасаған испаниялық азаматтың іс жүзінде ақшасын төлесең болды, кез келген рөлді сомдай беретін өнері бары анықталған. Бұған дәлел ретінде Диего Амадоның KazakhTV арнасы түсірген роликтердің бірінде бармен рөлін ойнаған видеожазбасын келтіріпті. 

Тағы бір роликте Диегоның өзін бизнесмен ретінде таныстырып, қазақ және орыс тілдерінде еркін көсіліп отырғаны байқалады.  

Айта кетсек, есеп беру барысында Диего Амадо өзінің шетелден келгенін және 4 жылдан бері елордада тұратынын айтып, әкімге арнайы ұсыныс жасаған болатын. Аталған телеграм-каналының мына жаңалығынан кейін жұрт не айтарын білмей дағдарып қалғанға ұқсайды. 

Айтпақшы, meganews.kz Instagram-парақшасының қолданушылары да бұл мәселеге назар аударып, әкімнің сөйлеу деңгейіне жоғары баға берген. Сонымен қатар "бұл - қала басшысының беделін көтеру үшін арнайы дайындалған дүние" деп күдік білдіргендер де болған.

Тағы оқи отырыңыз: "Көшелерді жауып тастаңыз": шетелдік азамат Көлгіновке ұсыныс жасады (ВИДЕО)

"Диего тіл жаттықтырушысы ма еді? Өте жақсы тәжірибе", "Жаман қадам емес еді, бірақ оның жоспарлы болып шыққаны өте өкінішті", "Кезекті бір хайп, арзан қойылым" деп пікір білдіргендер болыпты.