Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Көшелерді жауып тастаңыз": шетелдік азамат Көлгіновке ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Елорда әкімі Диего Амадоны қала жобаларына қатысуға шақырды.

"Көшелерді жауып тастаңыз": шетелдік азамат Көлгіновке ұсыныс жасады (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов халыққа онлайн режимде есеп беріп, тұрғындардың сұрағына жауап берді. Сұрақ қоюшылардың бірі - Мадридтен (Испания) келген және 4 жылдан бері елордада тұратын Диего Амадо елорда басшысына ұсыныс жасады, деп хабарлады paryz.kz, azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап. 

"Мен төрт жылдан бері Нұр-Сұлтанда тұрамын. Мен келген қаламнан (Мадрид – ред.) көрген тәжірибемді бөліскім келеді. Мадридте демалыс күндері немесе мереке күндері кептеліс болмас үшін адамдар көлікті мейлінше аз пайдалану үшін көшелер уақытша жабылады. Сонда адамдар жаяу, велосипедпен серуендей алады және бұл қаланың экологиялық жағдайын жақсартады. Менде осындай ұсыныс бар, қалай қарайсыз?" - деді Диего Амадо әкімге ағылшын тілінде.

Елорда әкімі Диего Амадоны қала жобаларына қатысуға шақырды.

"Бізде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы жоба бар. "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" деп аталады. Онда негізгі үш бағыт бар. Жаяу жүргіншілер үшін айтып отырған ұсынысыңызға рахмет. Сізді біздің жобаларымызға қатысуға және біздің командада болуға шақырамын", - деді Көлгінов ағылшын тілінде.