"Түймебаевтың дәретханасы" қанша миллион теңге тұрады?

Дереккөз Қазақстанда орнатылған құрғақ дәретханалардың құнын салыстырып көрген екен. Мысалы...

"Түймебаевтың дәретханасы" қанша миллион теңге тұрады?
фото: дереккөз

Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының бұрынғы орынбасары Жансейіт Түймебаевтың ҚазҰУ ректоры болып тағайындалғаны белгілі. Сол күні университетте 22 млн теңгеге екі биодәретхана орнату туралы шешім қабылданыпты, деп хабарлады paryz.kz, orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бір биодәретхананың бағасы 11 160 714 теңге екен. Университет әкімшілігі тот баспайтын, болаттан жасалған төрт дәретхана, санитарлық-техникалық жабдықтардан жасалған екі дәретхана, санитарлық-тұрмыстық техникадан жасалған екі қол жуғыш және т.б. орнатуды жоспарлап отыр.

Тағы оқи отырыңыз: "Жер сатқан" ЖОО-ға Жансейіт Түймебаев ректор болып сайланды

"Шамамен 15 мың доллар...": Гитлердің дәретханасы аукционға қойылды

Дереккөз Қазақстанда орнатылған құрғақ дәретханалардың құнын салыстырып көрген екен. Мысалы 2016 жылы павлодарлық билік бір биодәретханаға 5,5 миллион теңге жұмсаса, ал өткен жылдың мамыр айында Алматы қаласының элиталық ауданында бір биодәретханаға 10 миллион теңге алынған.