Әлеуметтік желілерде еліміздегі ең беделді жоғарғы оқу орындарының бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры ауысқаны жайлы ақпарат тараған болатын.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да жаңа ректорлар сайланды, деп хабарлады paryz.kz.
Бұл туралы Мұрат Әбенов желідегі парақшасында жазды.
"Бір сағат бұрын республикалық комиссияның шешімімен Ұлттық университеттердің екі ректоры сайланды. ҚазҰУ ректоры - Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы. ЕҰУ ректоры - Сыдықов Ерлан Бәтташұлы", - деп жазды ол.
Тағы оқи отырыңыз: "Жемқорлық болуы мүмкін...": ҚазҰУ-ге тиесілі жер кімдерге сатылып кеткен?
Серік Абас-шах ҚазҰУ ректорын ешкімнің тексере алмай отырғанына қынжылды
Ерлан Бәтташұлы Сыдықов 1956 жылы дүниеге келген, қазақ, 1978 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік бітіріп шықты. Айта кетейік, Ерлан Сыдықов 2011 жылы президент Жарлығымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды. Ол 2004 жылдың сәуірінде Семей мемлекеттік педагогикалық институтын басқарған.
Тағы оқи отырыңыз: Елдің бәрін "қазақстандық" еткісі келетін Түймебаевтың ұлты кім?
Халықтың алдында Сапарбаев кім, Түймебаев кім?..
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1980 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Филолог" мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген. Филология ғылымының кандидаты. 2019 жылдың 28 ақпанынан бастап Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығының басшысы болды.
Әлеуметтік желілерде еліміздегі ең беделді жоғарғы оқу орындарының бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры ауысқаны жайлы ақпарат тараған болатын.