26.02.2024, 12:11

Енді шенеуніктер айына бір рет жұмысқа автобуспен барады

Фото: Sputnik Казахстан

Аталмыш жобаны ұйымдастыру туралы жарлыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 21 ақпан күні қол қойды, деп хабарлайды Paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Өзбекстан астанасы Ташкентте айына бір рет "Автокөліксіз күн" жобасы өткізіледі. Оның барысында барлық билік органының басшылары мен қызметкерлері жұмысқа қоғамдық көлікпен келуі тиіс.

Мұндай талап зиянды көлік газдарының ауа сапасына тигізіп жатқан теріс әсерін азайту мақсатында енгізілді. Бұл бастамаға қоғам өкілдері мен экобелсенділер қолдау білдірген.

Осыған байланысты кеңсесі Ташкентте орналасқан барлық республикалық және жергілікті атқарушы билік органының басшылары мен өзге де қызметкерлеріне қоғамдық көлікпен жұмысқа бару арқылы көпшілікке үлгі көрсету тапсырылды.