Отырыстан кейін халық қалаулысы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады.
Бүгін депутат өзінің Instagram-дағы парақшасында полиция бөліміне барып, түсініктеме жазғанын айтты.
"РОВД-ға" бардым. Түсініктеме жаздым. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес ұсақ бұзақылық жасады деп жауапкершілікке тартылдым. "Қолыңмен жасағаныңды, мойныңмен көтер" дейді ғой. Бұл оқиға заң алдында бәрі тең екенін көрсетті, - деді Елеусізов.