Күдікті қолға түскеннен кейін оның гаражынан қару-жарақ, ал үйінен есірткі табылған.
Павлодарда алқабилер соты төрт жасөспірімді зорлап келген педофилдің қылмысын дәлелдеп, өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлады paryz.kz.
2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін жасөспірім және тағы үш кәмелет жасына толмаған қызды зорлау ісі бойынша алқабилердің қатысуымен сот отырысы өтті. Күдікті қолға түскеннен кейін оның гаражынан қару-жарақ, ал үйінен есірткі табылған.
Тағы оқи отырыңыз: Маңғыстауда көңілдесінің қызын зорлаған педофил өмір бойына сотталды
Сотталушыға үкімді судья Қадырбек Сатабаев оқыды. Айыпталушы бірнеше бап бойынша әртүрлі жазаға кесілді. Сонымен қатар сот шешімімен үш жәбірленушінің әрқайсысына 5 миллион теңгеден моральдық өндіру туралы арыз қанағаттандырылды.