Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Маңғыстауда көңілдесінің қызын зорлаған педофил өмір бойына сотталды

Ішімдікке сылқия тойып алған азамат түнгі үште көңілдесіне барады. Бірақ жалғызбасты әйелдің үйінде тек 10 жастағы қызы болған...

Маңғыстауда көңілдесінің қызын зорлаған педофил өмір бойына сотталды
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында 37 жастағы педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жабық сот отырысында айыпталушының кінәсі толық дәлелденген, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жұртты дүрліктірген оқиға былтыр мамыр айында болған. Ішімдікке сылқия тойып алған азамат түнгі үште көңілдесіне барады. Бірақ жалғызбасты әйелдің үйінде тек 10 жастағы қызы болған. Азғын ешкім жоқтығын пайдаланып, қорғансыз қызды ұрып-соғып, зорлап кеткен. Сотта қылмысы толық дәлелденіпті.

Сондықтан судья қылмыстың ауырлығы мен қоғамға қауіптілігін ескере отырып, педофилді өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

"Аталған қылмыстық іс ауыр санатқа жататындықтан және қоғамға қауіптілігі ескеріліп, сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Гаухар Нұрханова.