27.01.2021, 16:45

Ақтөбеде мас халде көлік жүргізген әкімдік қызметкері 15 күнге қамалды

фото: aqtobegazeti.kz

Облыс әкімдігі әкімшілік жазаға тартылған қызметкердің заңсыз әрекет жасардан 3 күн бұрын жұмыстан кетуге өз еркімен арыз жазғанын хабарлады.

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының қызметкері Нұрбақыт Барбосынов әкімшілік сотпен 15 күнге қамауға алынды. Мемлекеттік қызметкер ішімдік ішкен күйінде көлік басқарған, деп хабарлады paryz.kz, Arasha.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызметкер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен жауапқа тартылды. Ол 2021 жылдың 12 қаңтардағы сот қаулысымен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Іс материалдарына сүйенсек, Барбосынов 2021 жылдың 11 қаңтары күні сағат 21:30-да Ақтөбе қаласы, Пацаев көшесі, №4 үйге қарама-қарсы бетте "ВАЗ-21154" маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі Р 391 НО 18 автокөлігінің рөліне масаң халде отырған. Кінәсін мойындап, әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолдануды сұраған.

Облыс әкімдігі әкімшілік жазаға тартылған қызметкердің заңсыз әрекет жасардан 3 күн бұрын жұмыстан кетуге өз еркімен арыз жазғанын хабарлады.