Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Сенатор боксшы Ермахан Ибраимовты сынға алды (ВИДЕО)

"Мені халық таниды, біледі деп оларға басу айту үшін барған шығар. Менің ойым сол. Бірақ, плакатты жырту - ол кісі үшін артықтау дүние", - дейді ол. 

Сенатор боксшы Ермахан Ибраимовты сынға алды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы боксшы Ермахан Ибраимовтың митингідегі әрекеті туралы пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz.

Тағы оқи отырыңыз: Ермахан Ибраимов митинке шыққандарға қарсы ұмтылғанын жуып-шаюда

Жанболат Мамай деген - боқмұрын!: Ермахан Ибраимов ереуілшілерге әлі ашулы

Ереуілшілерге қарсы ұмтылған Ермахан батыр да депутат болды

"Батасын сатқан атасын сатқанмен бірдей: боксшы тұсаукесер, сүндет тойға "қол жаяды" (ВИДЕО)

"Мен оны көрген жоқпын. Бірақ, оқыдым. Видеосы шығыпты, оны көрген жоқпын. Алматы қаласының депутаты болды деді. Ыбрайымов - шын мәнінде қазақтың, елдің атын шығарған азамат. Оған сөз жоқ. Олимпиада чемпионы болу - миллионның біріне бұйыратын дүние. Бірақ, халықтың ортасына барғанда не айтқаны туралы әртүрлі пікірлер бар. Оның барған себебі, өзі - Олимпиада чемпионы. Мені халық таниды, біледі деп оларға басу айту үшін барған шығар. Менің ойым сол. Бірақ, плакатты жырту - ол кісі үшін артықтау дүние. Жалпы митингіге шыққан азаматтарға барып, білмейтін нәрсеге ақыл айту, меніңше, керегі жоқ сияқты. Өзіңді тыңдамайтын болса, өзіңе артық сөз айтатын болса, ондай жерге барып қандай қажеттілік бар? Өзіңнің атыңды құртасың. Олар сен туралы емес, белгілі нәрселер туралы айтып жатыр. Ол жерде біздің атақты боксеріміз қағазды, плакаттарды жыртты деп жазыпты. Егер ол рас болатын болса, ол дұрыс емес. Этикаға келіңкіремейді", -  деді депутат журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.