Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Мәжіліс депутаты қоғамды дүрліктірген заң талабын түсіндіруге тырысты

Сондай-ақ, ол толығырақ түсініктемені кейін беретінін жеткізді.

Мәжіліс депутаты қоғамды дүрліктірген заң талабын түсіндіруге тырысты
фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасына қатысты түсінік берді, деп хабарлады paryz.kz

"Мәжілісте қарастырылып жатқан "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл" қоғамда қызу талқылануда. Мен Мәжіліс депутаты ретінде заң жобасын зерделеп шықтым. Қоғамда талқыланып жатқан пункттердің көпшілігі заңның жобасынан алынып тасталған. Қоғамдық маңызын ескере отырып, осы заңды қабылдау жұмыс тобына ену жөнінде өтініш жасадым. Заң жобасының ұлтымыздың рухани кодына сәйкес болуы үшін еңбек ететін боламыз", – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында. 

Тағы оқи отырыңыз: "107 партия қалаулысы қол көтере салған ба?": Отбасы туралы заңға қарсылық күшейді

Сондай-ақ, ол толығырақ түсініктемені кейін беретінін жеткізді.

"Заң қабылдау процесінің бүге-шігесін осы жерде жазып отырамын. Қоғамға ашық түсініктеме беріп отырамыз" деп жазды депутат.