Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бассейнге батқан бойжеткеннің өліміне кінәлі адам 8 жылға сотталуы мүмкін

Көп адам жабдықталған бассейнде кездейсоқ суға бату мүмкін емес деп ойлайды...

Бассейнге батқан бойжеткеннің өліміне кінәлі адам 8 жылға сотталуы мүмкін
фото: ашық дереккөз

Қайғылы жағдай демалыс күні болған еді. 21 жастағы қыз таңертең нұсқаушымен және тағы 4 жүзушімен бірге жүріп, суға батып кеткен. Алайда олардың ешқайсысы өлім сәтін байқамаған, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Бассейнге келушілер мұны өзін-өзі өлтіру болды ма, әлде жазатайым оқиға ма деп таңғалып жатыр.

Марқұм туралы көп нәрсе белгілі емес. Ол 21 жаста, бассейнге бару үшін жаттықтырушысыз бір реттік жазылым сатып алған. Нұсқаушы оның су бетіне қалқып шыққан жансыз денесін бірінші болып байқаған. Ол оған жасанды тыныс беріп, жүрекке массаж жасапты. Алайда суға батып кеткен қызды тірілту әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Келген жедел жәрдем дәрігерлері оның қайтыс болғанын айтты.

"Бассейннен 1999 жылы туған азаматшаның денесі табылды. Осы факт бойынша Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімінің тергеу бөлімі қылмыстық іс қозғады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр", - деді елордалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Тағы оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда бассейннен бойжеткеннің денесі табылды

Қыздың жұмбақ өлімі спорт кешеніне келушілерді шошытты. Көп адам жабдықталған бассейнде кездейсоқ суға бату мүмкін емес деп ойлайды. Ал адам өліміне кінәлі азамат 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен.